Лука Модрич «Милан» сапында дебют жасап, клуб тарихына енді

Лука Модрич «Милан» сапында дебют жасап, клуб тарихына енді
Футбол

ФК AC Milan

Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич Италия кубогында «Милан» клубы үшін алғашқы ресми кездесуін өткізді. «Россонеридің» «Бариға» қарсы ойыны 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл матч Модрич үшін тарихи болды. Ол «Миланның» ең жасы үлкен дебютанттарының қатарына кірді. 39 жас 342 күнінде алаңға шыққан хорват Филиппо Индзагидің рекордын жаңартты. Итальяндық аңыз ойыншы «Новараға» қарсы соңғы ойынында 38 жас 278 күнінде алаңға шыққан болатын.

«Милан» тарихында ең жасы үлкен ойыншы мәртебесі Златан Ибрагимовичке тиесілі. Швед шабуылшысы 41 жас 166 күнінде алаңға шыққан. Сонымен қатар бұл тізімде Алессандро Костакурта мен Паоло Мальдини секілді клубтың басқа да аңыздары бар. Енді осы қатарға Лука Модрич те қосылды.

Айта кетейік, хорват футболшысы ойынды қосалқы құрамда бастап, 66-минутта Кристиан Пулишичтің орнына алаңға шықты.

Еске сала кетейік, Модрич биыл жазда мадридтік «Реалдан» кеткен еді. Ол «корольдік клубтың» тарихындағы ең көп жүлде иеленген ойыншы болып саналады.