Қазақстан бокстан әлем чемпионатына қатысатын құрамын әлі бекіткен жоқ

Бокс
Sports24.kz
World Boxing ұйымының аясында өтетін әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек күндері Ливерпульде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жарысқа дайындық барысын айтып өтті. Оның сөзінше, Алматы облысында әлем чемпионатына арналған арнайы дайындық кезеңі басталған. Бұл оқу-жаттығу жиынына әр салмақ дәрежесінде үздік төрт боксшы ғана шақырылған.
26 тамызда құрама Ұлыбританияға жол тартады. Әлемдік дода алдында Шеффилдте Франция, Швеция, Норвегия, Германия, Литва, АҚШ, Косово, Филиппин, Польша, Ирландия және Үндістан командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиындары өтеді.
Сәтжановтың айтуынша, кейбір салмақ дәрежелерінде құрам толық анықталмаған, сондықтан бұл жиында бірнеше үміткер қаралады.