«Барлығына ризамын»: Қазақстан U22 құрамасының бас бапкері Азия чемпионаты жайлы пікір білдірді

«Барлығына ризамын»: Қазақстан U22 құрамасының бас бапкері Азия чемпионаты жайлы пікір білдірді
Бокс

Sports24.kz

Бангкокта өткен бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев финалдық жекпе-жектер мен жалпы нәтижелер бойынша пікірін білдірді.

– Өздеріңіз көрдіңіздер, финалға бес боксшымыз шықты. Үшеуі чемпион атанды, екеуі күміс жүлдегер болды. Жеңілгендеріне де ризамын. Бізде болашақ бар. Алла қаласа, жұмыс істейміз, дайындаламыз. Ертеңнен қателіктермен жұмысқа кірісеміз. Балалардың ешқайсысы қиналған жоқ, бәрі техникалық-тактикалық тұрғыдан жақсы өнер көрсетті. Мен оларға ризамын, – деді Сәрсекбаев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл жарыста 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте 6 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншілеген Өзбекстан бірінші орынға ие болды.