Қазақстанның жас боксшылары Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды

Қазақстанның жас боксшылары Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды
Бокс

Sports24.kz

Таиландтың Бангкок қаласында өткен екі бірдей жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар жоғарғы нәтиже көрсетті.

Алдымен 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен додада ел құрамасы 13 медаль иеленді. Оның ішінде алтын жүлдені Расул Асанханов (90 кг) пен Құралай Егінбайқызы (80 кг) еншіледі. Күміс медаль Әділет Төртүбек (60 кг), Бейбарыс Әшірбай (70 кг), Тимур Тайбеков (80 кг), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг) және Аяжан Ермекке (57 кг) бұйырды. Ал қола жүлдеге Нұрсұлтан Шілдебай (75 кг), Айым Танкібаева (51 кг), Жанель Имантаева (54 кг), Алина Құдайгенова (60 кг), Ақбота Есімбекова (65 кг) және Сабина Жақсылық (80+ кг) қол жеткізді.

Сондай-ақ, World Boxing ұйымы өткізген 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар 9 медаль еншіледі. Бұл бәсекеде ел намысын қорғаған Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжаралы Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг), Гүлназ Бурибаева (48 кг) және Бақыт Сейдіш (70 кг) алтын медаль иеленді. Күміс жүлдені Илья Калинин (65 кг), Нұрбек Мұрсал (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Әсел Тоқтасын (80+ кг) иеленді.

Бұл жетістіктер Қазақстанның жас боксшыларының халықаралық аренада тұрақты түрде табысқа жетіп келе жатқанын дәлелдейді.