“Орталық” стадион сынға ұшырады: “Қайрат” – “Слован” матчынан кейін жанкүйерлер наразылық білдірді

Центральный стадион Алматы
Алматыдағы “Орталық” стадионның жағдайы тағы да қоғам назарында. Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өткен “Қайрат” пен “Слован” (Словакия) арасындағы матчтан кейін жанкүйерлер спорттық нысанның инфрақұрылымына қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Матч кезінде стадион аумағында орналасқан санитарлық аймаққа үлкен кезек пайда болып, ол шұғыл түрде шешілмей, адам көп жиналған жерде қысылыс туа жаздады. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда адамдардың дәретханаға жету үшін бір-бірін итеріп, ұзын-сонар кезекте тұрғаны анық байқалады. Куәгерлердің айтуынша, мұндай жағдай әр матчта қайталанып келеді. Алматы тұрғындары санитарлық аймақты кеңейтуді талап етуде.
Алайда мәселе тек санитарлық нысандарда емес. Көптеген жанкүйерлерге сатылған билеттердің кейбірінде стадионда нақты орын болмаған. Яғни, кей көрермендерге орынсыз билет берілген. Әлеуметтік желідегі жарияланған фотоларда трибуналардағы қираған баспалдақтар мен лас секторлар көрсетілген. Бір жанкүйер тіпті өзінің отырғышы болмағанын жазған.
Стадионның тозығы жеткені туралы наразылықтар бұған дейін де айтылған болатын. Енді бұл жағдай “Кайрат” ойынынан кейін тағы да өзекті бола түсті. Жанкүйерлер стадионды күрделі жөндеуден өткізу қажет екенін айтуда. Авторлар егер осындай жағдай жалғаса берсе, алдағы демалыста өтетін Дженнифер Лопестің концерті кезінде мұндай мәселелер тіптен ушығуы мүмкін екенін ескертеді.