Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы матчтарына 48 мыңнан астам жанкүйер жиналды

Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы матчтарына 48 мыңнан астам жанкүйер жиналды
Футбол

ФК «Кайрат»

Еурокубоктардың екінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матчтарға «Қайрат», «Ақтөбе» және «Астана» клубтарының қатысуымен 48 мыңнан астам көрермен жиналды, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасы аясында Алматыда өткен «Қайрат» пен финдік КуПС арасындағы кездесуге 22 800 жанкүйер жиналды. Бұл — 23 804 адам сиятын «Орталық» стадионның 96% толуы.

Конференциялар лигасы матчында Прагада «Спарта» мен «Ақтөбе» ойынын 17 235 жанкүйер тамашалады. 18 887 орындық «Летна» аренасы 91% толды.

Молдавия астанасы Кишиневте өткен «Зимбру» – «Астана» кездесуін 8 572 адам көрді. 10 400 көрерменге арналған стадион 82% толды.

Екінші раундтағы бұл ойындар еурокубоктарға қазақстандық жанкүйерлердің қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.