Екі марафоншы Ресейдегі жарыстарда қаза тапты

behance.net
Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен ашық суда жүзу сайыстары қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.
26 шілде күні өткен X-WATERS Volga жарысында Мәскеу тұрғыны Дмитрий Ионов мәре сызығына жақындағанда өзін жайсыз сезініп, құтқарушылардан көмек сұраған. Спортшыны қайыққа көтеріп алған сәтте ол есінен танып қалған. Жедел жәрдем дәрігерлері жанталаса әрекет еткенімен, оның өмірін сақтап қала алмады.
3 тамыз күні дәл осындай оқиға IRONSTAR 113 Nizhny Novgorod триатлоны кезінде қайталанды. Бұл жолы судағы кезеңді аяқтаған соң өзін нашар сезінген қысқы жүзуден Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы Андрей Пуляев көз жұмды. Құтқарушылар оны дереу дәрігерлерге тапсырғанымен, медициналық көмек нәтиже бермеді.
Қайғылы жағдайлар спорт әлемін күйзелтті. Ұйымдастырушылар мен тиісті органдар оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.