«Саған есейетін уақыт келді». MLS-та Мессиге қатысты қатаң сын айтылды

Футбол
Sports illustrated
«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси Жұлдыздар матчының өткізіп жібергені үшін тағы да сынға ұшырады. Бұл жолы танымал футбол сарапшысы, АҚШ құрамасының бұрынғы ойыншысы және MLS клубтарының экс-менеджері Алекси Лалас аргентиналық жұлдызға қатаң пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
— «Бұл тым асыра сілтеу және тіпті күлкілі. Месси келісімшартқа қол қойды. Ол Жұлдыздар матчына қатысу — оның міндеттерінің бірі екенін білді. Ережелерді де білген. Сондықтан, Месси, саған есейетін уақыт келді. Қатысуың керек еді. Егер бұл матчта ойнағың келмесе, келісімшартқа отырған сәтте бұл талапты алдын ала талқылауың керек еді», — деп келтіреді Лаластың сөзін Goal.
Еске салайық, Месси Жұлдыздар матчына қатыспағаны үшін бір ойыннан шеттетілген болатын. Бұл шешім MLS ережелеріне сай қабылданған.