Ислам Махачев келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады

Жекпе-жек
UFC
UFC-дің жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) бұрынғы чемпионы, ресейлік файтер Ислам Махачев өзінің келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
— «Келесі жекпе-жекке қатысты 90 пайыз келісім бар. Бәрі дұрыс болса, қараша айында өтеді», — деді Махачев UFC баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
33 жастағы спортшы соңғы кездесуін 18 қаңтарда UFC 311 турнирінде Лос-Анджелесте (АҚШ) өткізген болатын. Ол кезде Ислам бразилиялық Ренато Мойканоны тұншықтыру әдісімен бірінші раундта жеңіп шыққан. Бұл жеңіс оның жеңіл салмақтағы қатарынан 14-ші жеңісі болды.
Жалпы алғанда, Махачев кәсіби мансабында 27 жеңіске қол жеткізген, соның 18-і мерзімінен бұрын аяқталған. Тек бір рет жеңіліске ұшыраған.