Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына жолдама алды

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына жолдама алды
Теннис

ҚТФ

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жұптық сында Маспаломас (Испания, Гран-Канария аралы) ITF W100 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші чехиялық Анна Шишковамен бірге жартылай финалда португалиялықтар Франциска Жорже — Матильда Жоржемен бетпе-бет келді. Тартысты өткен екі сет те тай-брейкпен аяқталып, қазақстандық-чехиялық жұптың пайдасына шешілді — 7:6 (7:5), 7:6 (7:3).

Бәсеке 2 сағат 8 минутқа созылды. Жібек Құламбаева — Анна Шишкова финалда доданың 3-ракеткалары, швециялық Лиза Заар — чехиялық Доминика Салковамен чемпиондық атақ үшін таласады. 

Осылайша, Ж.Құламбаева үш апта бойы жұптық сында ірі жарыстарда сәтті ойнап келеді.