«Тобыл» сапына Беларусь құрамасының ойыншысы қосылды

«Тобыл» сапына Беларусь құрамасының ойыншысы қосылды
Футбол

Kpl.kz

«Тобыл» футбол клубы 28 жастағы Беларусь шабуылшысы Виталий Лисаковичпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Виталий Лисакович 1998 жылдың 8 ақпанында Минск қаласында дүниеге келген. Ол жергілікті «Динамо» клубының түлегі. Кәсіби мансабын Солигорскінің «Шахтер» клубында бастап, кейін Хорватияның «Рудеш», Мәскеудің «Локомотив», Қазанның «Рубин» және Калининградтың «Балтика» клубтарында өнер көрсетті. «Тобылға» ауысқанға дейін Лисакович Беларусьтің «Торпедо-БелАЗ» клубының намысын қорғады. Бұл команда сапында 8 матчта «гол+пас» жүйесі бойынша 7 нәтижелі әрекет жасап, айдың үздік ойыншысы атанды. Беларусь ұлттық құрамасы сапында 30-дан астам матч өткізіп, 8 гол соққан.