Күрестен U17 әлем чемпионатында Бақдәулет Ағабек топ жарды

Күрестен U17 әлем чемпионатында Бақдәулет Ағабек топ жарды
Жекпе-жек

ҰОК

Баку қаласында күрестен U17 әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды. 

Ол финалда Аарьянмен (Үндістан) күш сынасты. Нәтижесінде Бақдәулет Ағабек 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды. 

Айта кетейік, бүгін 1 тамызда Сағындық Темірғали (110 келіге дейін) қола жүлде күреседі.