Герасименко мен Харки Ташкенттегі халықаралық турнирде күміс жүлде алды
Теннис
ҰОК
Қазақстан құрамасының өкілдері Кирилл Герасименко мен Ескендір Харки Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Қазақстандық үстел теннисшілер ерлер арасындағы жұптық сында күміс медаль жеңіп алды.
Турнир барысында Герасименко мен Харки Франция өкілдері Эстебан Дорр мен Флориан Буррассоны 3:2, Өзбекстан спортшылары Шохрух Искандаров пен Кутбидилло Тешабоевты 3:0, сондай-ақ, Ресей құрамасының өкілдері Денис Ивонин мен Никита Артёменконы 3:1 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық жұп Ресей спортшылары Максим Гребнев пен Лев Кацманға 0:3 есебімен есе жіберді.