Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Алматыдағы турнирде 3-орын алды
Теннис
Жекпе-жек
Арлан Олжабай
Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender сериясындағы ірі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Жарыста Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді.
15 жасқа дейінгілер арасындағы аралас жұптық сында Олег Яковлев пен Мария Лукьянова қола жүлдеге ие болды.
Турнир барысында отандық спортшылар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Малайзия өкілдерін жеңді. Ал жартылай финалда Үндістан құрамасына жол беріп, үшінші орынға ие болды.