Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады

Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады
Теннис

ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясы әйелдер құрамасының Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысатын ресми құрамын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Финалдық кезең 22-27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Center Arena кешенінде өтеді. Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды. 

Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілер: Елена Рыбакина (WTA №2)

Анна Данилина (жұптық сында WTA №6)

Юлия Путинцева (WTA №81)

Жібек Құламбаева (жұптық сында WTA №115) Соня Жиенбаева (WTA №735)

Құрама капитаны – Юрий Щукин.

Әлемдік рейтингіде Billie Jean King Cup турнирінде 7-орында тұрған Қазақстан құрамасы жарысты ширек финалдан бастайды. Біздің теннисшілер 23 қыркүйекте Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де рейтингте 4-орында тұрған Испания құрамасына қарсы кортқа шығады. Әрбір кездесуде екі жекелей және бір жұптық матч өткізіледі. 

Финалдық кезеңнің кестесі (Астана уақытымен) 22 қыркүйек

Чехия – Ұлыбритания (14:00) – ширек финал

23 қыркүйек

Қазақстан – Испания (14:00) – ширек финал

24 қыркүйек

Украина – Бельгия (07:00) – ширек финал

Қытай – Италия (14:00-ден ерте емес) – ширек финал

25 қыркүйек

1-жартылай финал (14:00) Чехия/Ұлыбритания – Қазақстан/Испания жеңімпазы

26 қыркүйек 2-жартылай финал (14:00) Украина/Бельгия – Қытай/Италия жеңімпазы

27 қыркүйек

Финал (14:00)