«Барыс» клубын сату туралы қауесет пайда болды

Хоккей
Tengri Sport
Қазақстанның бас хоккей клубы — «Барыс» командасы сатылуы мүмкін. Бұл жөнінде Bassport.kz «Хайруллин Live» телеграм-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған дереккөздің мәліметінше, астаналық клубты ірі ресейлік компания екі миллиард рубльге (шамамен 13,3 миллиард теңгеге) сатып алуға дайын.
— «Барысты» ірі ресейлік компанияға сатады екен деген сыбыс бар. Бұл кімге керек болды екен?» — делінген хабарламада.
Айта кетейік, өткен маусымда ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатының қорытындысы бойынша «Барыс» Шығыс конференциясында соңғы — 12-орынды иеленіп, небәрі 35 ұпай жинады. Команда 68 матчтың 54-інде жеңіліс тапты.
Сонымен қатар, Қазақстанда легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салыну туралы заң күшіне енгеннен кейін, клуб барлық шетелдік ойыншылармен қош айтысуға мәжбүр болды.