Шавкат Рахмоновтың дивизионында өзгерістер орын алды

Meta-ratings.kz
UFC ұйымы жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингті жаңартты. Бұл салмақта Қазақстан атынан өнер көрсететін Шавкат Рахмонов та бар. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
Рейтингтің үздік үштігінде өзгеріс болмаған: көшбасында америкалық Белал Мухаммад, екінші орында — тағы бір америкалық Шон Брэди, ал үздік үштікті Шавкат Рахмонов түйіндеп тұр. Аталған салмақтағы UFC чемпионы — аустралиялық Джек Делла Маддалена.
Алайда рейтингтің соңғы бөлігінде өзгерістер тіркелді. Шавкаттың бұрынғы қарсыласы, АҚШ өкілі Стивен Томпсон рейтингтен түсіп қалды. Оның орнына бразилиялық Габриэль Бонфим қосылып, 14-орынды иеленді.
Бұл жаңарту Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жекке бір қадам жақындағанын білдіреді. Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл рейтингтік өзгеріс – жағымды жаңалық.