Абдуқодир Хусанов АПЛ-дың үздік ойыншылары қатарына кірді

Offside.kz
2024/2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Англия Премьер-Лигасы ең жоғары жылдамдық көрсеткен футболшылардың рейтингін жариялады. Бұл тізімге «Манчестер Сити» және Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов та енді. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
Хусанов 36,29 км/сағ жылдамдықпен жетінші орынды иеленді. Ол бұл нәтижеге «Ноттингем Форестке» қарсы матчта қол жеткізген.
Жалпы рейтингтің көшбасында «Тоттенхэм» қорғаушысы Микки ван де Вен тұр — оның максималды жылдамдығы 37,12 км/сағ болды. Екінші және үшінші орындарды Энтони Эланга («Ньюкасл») мен Брайан Мбёмо («Брентфорд») бөлісті — 36,65 км/сағ.
Толық тізім:
1. Микки ван де Вен («Тоттенхэм») — 37,12 км/сағ
2. Энтони Эланга («Ньюкасл») өткен маусымда Ноттингем Форест сапында ойнады— 36,65 км/сағ
3. Брайан Мбёмо («Брентфорд») — 36,65 км/сағ
4. Карлуш Боржеш («Вулверхэмптон») — 36,58 км/сағ
5. Янкуба Минте («Брайтон») — 36,40 км/сағ
6. Вильсон Одобер («Тоттенхэм») — 36,36 км/сағ
7. Абдуқодир Хусанов («Манчестер Сити») — 36,29 км/сағ
8. Энтони Эланга — 36,22 км/сағ
9. Эммануэль Агбаду («Вулверхэмптон») — 36,14 км/сағ
10. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») — 36,00 км/сағ
Бұл көрсеткіш Абдуқодир Хусановтың физикалық дайындығы мен жоғары деңгейдегі ойынын дәлелдеп, оны АПЛ-дың элиталық қорғаушылары қатарына қосты.