Назым Қызайбай финалға тартысты жекпе-жек арқылы өтті

Назым Қызайбай финалға тартысты жекпе-жек арқылы өтті
Бокс

olympic.kz

Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында қазақстандық боксшы Назым Қызайбай жартылай финалда қиындықпен жеңіске жетіп, турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қызайбай жапониялық Хикару Синохарамен кездесті. Жекпе-жек жоғары қарқынмен өтті, қарсыластар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Ақырында, төрешілер шешімімен Назым Қызайбай split decision арқылы жеңіске жетті.

Осылайша, Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы және Азия чемпионы болып табылатын Қызайбай алтын жүлде үшін шешуші кездесуге жолдама алды. Ал Синохара турнирді қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Назым турнир барысында канадалық Приянка Дхиллон мен өзбекстандық Фарзона Фозилованы да жеңіп шыққан болатын. Финалда қазақстандық спортшыдан жарқын өнер мен жоғары нәтижелер күтілуде.