Жаңартылған әлемдік рейтинг: Қазақстан күресте нешінші орында?

Жаңартылған әлемдік рейтинг: Қазақстан күресте нешінші орында?
Күрес

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша халықаралық федерация (UWW) әйелдер күресі бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазақстандық балуан, ұлттық құраманың көшбасшысы Жамиля Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 51 000 ұпаймен көш бастап тұр. Ол биылғы жылдың сәуір айында алғаш рет әлемдік рейтингтің шыңына көтеріліп, маусым айында өз орнын сақтап қалды.

Жамиляның басты бәсекелестерінің қатарында жапониялық Ами Иши бар. Оның қоржынында 45 000 ұпай. Үздік үштікті Моңғолия өкілі Болортунгалаг Зоригт түйіндеп тұр, ол 34 700 ұпай жинаған.

Айта кетейік, Бақбергенова - төрт дүркін Азия чемпионы, соңғы «алтын» медалін ол 2025 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында жеңіп алды.