"Арсенал" жақында клубтан кеткен ҚПЛ ойыншысына назарын бұрды

Футбол

Белорусьтік "Арсенал" футбол клубы "Атыраудың" бұрынғы қорғаушысы Никита Капленконы өз қатарына қосуы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz сайты «Ухо» телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып.

«Дзержинстік „Арсенал“ "Атыраудан" кетіп, Медиалигаға "SD Family" сапына шақыртылған Никитой Капленкомен байланысқа шыққысы келеді», — деп, ақпарат беттеріне таратылған.

Естеріңізге сала кетсек, «Атырау» осы жылдың мамыр айында Никита Капленкомен келісімшартты үзгені жайлы ресми түрде жариялаған еді. Келісімшарт белорусьтік футболшымен екіжақты шешіммен тоқтатылды. Қазақстан Премьер-Лигасының ағымдағы маусымында беларусьтік футолшы жеті ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.