Қаржылық қиындықтарға байланысты «Тұран» клубы «Елімайға» қарсы матчқа пойызбен аттанады

Қаржылық қиындықтарға байланысты «Тұран» клубы «Елімайға» қарсы матчқа пойызбен аттанады
Футбол

«Тұран» ФК баспасөз-қызметі

Түркістандық «Тұран» футбол клубы қаржылық қиындықтарға байланысты Қазақстан Премьер-лигасының 13-турында Семей қаласында өтетін «Елімайға» қарсы ойынына пойызбен баруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды, Sports24.kz сайтына сілтеме жасай отырып.  

Клубтағы қаржылық дағдарыс жалғасуда. Соның салдарынан футболшылардың жалақысы уақытылы төленбей, команданың ойынға дайындығына кедергі келіп жатыр. Осыған дейін, 12-турда «Тұран» елордалық «Жеңіс» клубымен болған кездесуге легионерлерсіз шыққан еді. Бұл матчта түркістандықтар 0:2 есебімен жеңіліп қалды.  

Қазіргі уақытта «Тұран» 12 тур қорытындысы бойынша 11 ұпай жинап, турнирлік кестеде 10-орында тұр. 

 Клубтың алдағы тағдыры мен қаржылық жағдайы әзірге белгісіз күйде қалып отыр.