Геннадий Головкин жаңа жетістікпен көзге түсті

Бокс
Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин басқаратын World Boxing ұйымы өзінің құрамына тағы бес ұлттық федерацияны қабылдап, географиясын кеңейтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ұйымның ресми мәлімдемесінде былай делінген:
«World Boxing өз мүшелерінің санын 111 елге жеткізді. Атқарушы кеңестің шешімімен Босния және Герцеговина, Грузия, Индонезия, Румыния және Тринидад пен Тобаго ұлттық бокс федерациялары ұйымның жаңа мүшелері атанды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин - World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы. Ал кәсіби мансапқа келер болсақ, Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылы өткізген, алайда ол ресми түрде спорттан кететінін жариялаған жоқ.