Бақтиер Зайнутдинов Қазақстанда көшбасшылықтан айырылды

kff.kz
Bassport.kz мәлімдеуінше, Transfermarkt порталы Түркия Суперлигасындағы футболшылардың нарықтық құнын жаңартты.
Бүгінгі жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Қазақстан құрамасы мен «Бешікташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов еліміздің ең қымбат ойыншысы мәртебесінен айырылды. Оның трансферлік құны 300 мың еуроға төмендеп, 3 миллион еуроны құрады. Бұл көрсеткіш «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліптің бағасымен теңесті.
Айта кетейік, өткен маусымда Зайнутдинов түрік клубы сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, «Бешікташтың» бас бапкері Уле Гуннар Сульшер футболшының қызметіне мұқтаж емес екені және оны командадан жіберуге дайын екені хабарланған.
Бұған дейін қазақстандық ойыншыға Ресей Премьер-Лигасы клубтарының қызығушылық танытып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.