Қазақстандық футболшы Испанияда жоғары дивизионға өтпек. Оған ҚПЛ клубтары да қызығушылық танытуда

Қазақстандық футболшы Испанияда жоғары дивизионға өтпек. Оған ҚПЛ клубтары да қызығушылық танытуда
Футбол

Getty Images

Испанияның үшінші дивизионының клубтары «Менсахеро» командасында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Данил Анкудиновқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Bassport.kz BorodAbata.kz сайтына сілтеме жасап.Испанияның үшінші дивизионының клубтары «Менсахеро» командасында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Данил Анкудиновқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Bassport.kz BorodAbata.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызыл-қара түсті командада екі саты төмен лигада ойнайтын қарағандылық футболшының келісімшарты маусым айында аяқталады және оны ұзарту ықтимал емес. Анкудиновқа Испаниялық клубтардан бөлек, Қазақстан Премьер-Лигасының екі клубы да көз тігіп отыр.Қызыл-қара түсті командада екі саты төмен лигада ойнайтын қарағандылық футболшының келісімшарты маусым айында аяқталады және оны ұзарту ықтимал емес. Анкудиновқа Испаниялық клубтардан бөлек, Қазақстан Премьер-Лигасының екі клубы да көз тігіп отыр.
Өткен маусымда 21 жастағы шабуылшы барлық турнирлерде 16 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Бұған дейін ол «Шериф», «Ван», «Джюгас» және «Днепр-Могилев» командаларында ойнаған.Өткен маусымда 21 жастағы шабуылшы барлық турнирлерде 16 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Бұған дейін ол «Шериф», «Ван», «Джюгас» және «Днепр-Могилев» командаларында ойнаған.