Ресейлік спортшы Қуат Хамитовты «Қазақстанның болашақ президенті» деп атады

Жекпе-жек
Ресейлік ММА жекпе-жек шебері Мариф Пираев танымал қазақстандық файтер Қуат Хамитовқа деген құрметін ерекше түрде білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Пираев өзінің Instagram парақшасында Хамитовпен бірге түскен фотосын жариялап, оған:
«Қазақстанның болашақ президентімен» — деген жазба қалдырған.
Бұл пікір желіде қызу талқыланып, спорт және саясат төңірегіндегі түрлі болжамдарға себеп болды.
Айта кетейік, жақында Алматыда өткен бокс ережелері бойынша жекпе-жекте Пираев қазақстандық Фаниль Рафиковпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты.
Аталған жекпе-жекте Қуат Хамитов Пираевтың бұрышында секундант ретінде болды.