Дамир Исмағұловтың болашағына байланысты шешім шықты

Getty Images
RCC ұйымының басшысы Николай Клименко UFC-дің экс-жауынгері, қазақстандық Дамир Исмағұловты мүмкін келісімшартқа отырғызу мәселесіне тағы да пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Betonmobile.ru сайтына сілтеме жасап.
— Дамир Исмағұлов RCC-тің жеңіл салмағында тәртіп орнатуға дайын екенін мәлімдеді. Сіздің ойыңызша, оның қатысуымен қандай жекпе-жек ең қызықты болар еді және неге?
— Дамир — сөзсіз, жеңіл салмақтағы топ-level жауынгер. Біз онымен бұрыннан байланыстамыз, RCC-ке қатысушы ретінде бірнеше рет қарастырдық. Қазір бұл салмақтағы ростеріміз ұлғайғандықтан, Дамир үшін де қызықты қарсыластар бар деп ойлаймын. Сондықтан біз оның RCC аясындағы болашағын тағы да талқылауға дайынбыз, — деді Николай Клименко.
Айта кетейік, Дамир Исмағұлов — M-1 ұйымының бұрынғы чемпионы. Сонымен қатар ол UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, олардың бесеуінде жеңіске жеткен, екі кездесуде (Арман Царукян мен Грант Доусонға қарсы) жеңілген.