Жетісай қаласында жекпе-жектен Орталық Азия мен ҚР ашық кубогы өтті

Жетісай қаласында жекпе-жектен Орталық Азия мен ҚР ашық кубогы өтті
Бокс

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісай қаласындағы «Б.Саттарханов» атындағы спорт кешенінде қазақтың жекпе-жек спортын насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына баулу және патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында Орталық Азия мен Қазақстан Республикасының ашық кубогы өтті.Жетісай қаласындағы «Б.Саттарханов» атындағы спорт кешенінде қазақтың жекпе-жек спортын насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына баулу және патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында Орталық Азия мен Қазақстан Республикасының ашық кубогы өтті.

Байрақты бәсекеге Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және еліміздің түрлі өңірлерінен келген 70-тен астам спортшы қатысып, ерлер 9, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Серік Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, сондай-ақ белгілі спорт қайраткерлері Сабыржан Махметов пен Ержан Байжұмаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Командалық есеп бойынша:

  • І орынды – Түркістан облысы,

  • ІІ орынды – Абай облысы,

  • ІІІ орынды – Шымкент қаласының командасы иеленді.


Жеңімпаздар белбеулермен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.