Қазақстан құрамасының бапкері дзюдодан әлем чемпионатындағы нәтижелерге қатысты пікір білдірді

Дзюдо
Әлеуметтік желі
2025 жылы Будапештте (Венгрия) өткен дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өнеріне қатысты команданың кеңесші бапкері Роберт Мшвидобадзе пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Qazsport арнасына сілтеме жасап.
- «Біз бірге жұмыс істей бастағанымызға бар болғаны алты ай болды. Әрине, кейбір қателіктер бар, оларды алдағы уақытта түзейміз. Ең бастысы – қазақстандық дзюдошылардың техникалық шеберлігі бірден көзге түседі», - деді Мшвидобадзе.
Айта кетейік, Венгрияда өткен әлем біріншілігіндегі Қазақстан құрамасының ең жоғары нәтижесі - Абиба Әбужақынованың 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіп алған күміс жүлдесі.
Сондай-ақ, 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бұл жарыста ширек финалда қарсыласына есе жіберді.