«Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасы» еурокубоктардағы алғашқы қарсыластарын анықтады

«Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасы» еурокубоктардағы алғашқы қарсыластарын анықтады
Футбол

«Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат», «Ақтөбе» және шымкенттік «Ордабасы» еурокубоктардың алғашқы іріктеу кезеңінде өз қарсыластарын алды, деп хабарлайды Bassport.kz АЗИЯ-СПОРТ-қа сілтеме жасап.

«17 маусым күні Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, үш қазақстандық клуб өз қарсыластарын біледі.

«Қайрат» — Чемпиондар лигасында ойнайды. Идеалды қарсылас — Гибралтарлық «Линкольн Ред Импс». Ең күрделісі — болгариялық «Лудогорец» немесе шведтік «Мальме».

«Ақтөбе» — Еуропа лигасында. Ең қолайлы қарсылас — словениялық «Целе», ал ауыр қарсыластар қатарында — Донецкінің «Шахтері» мен Польшаның «Легиясы».

«Ордабасы» — Конференциялар лигасында. Ең қолайлысы — Сан-Маринолық «Тре Фиори». Қауіпті қарсыластар қатарында — Беларусьтің «Неман» және Бресттің «Динамосы», үш македониялық клуб пен Грузияның «Торпедосы».

«Астана» Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Бұл кезеңнің жеребесі 18 маусымда өтеді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, еурокубоктардың бірінші кезеңінің жеребесі бүгін өтеді.