Елдос Сметов әлем чемпионатында фавориттердің неліктен сәтсіз өнер көрсеткендігін түсіндіріп берді

Елдос Сметов әлем чемпионатында фавориттердің неліктен сәтсіз өнер көрсеткендігін түсіндіріп берді
Дзюдо

Zakon.kz

2025 жылы Будапештте өткен дзюдодан әлем чемпионатында топ-фавориттердің сәтсіз өнер көрсету себептерін Олимпиада чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов түсіндіріп берді, деп хабарлайды Bassport.kz.

- «Чемпиондардың демалмағаны көрініп тұр. Барлығының жағдайы бірдей, мұны Олимпиададан кейінгі алғашқы турнир деп ақтауға болмайды. Бұл жағдай венгр татамиінде айқын сезілді. Олар бір сәт тынығып, содан кейін ғана үлкен додаға шығуы керек еді. Ат жарысынан кейін тіпті тұлпардың өзін демалдырып, жақсылап күтім жасайды ғой», — деді Сметов.

Бұл пікірді ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің жетекшісі Аян Төлеген өзінің Telegram-арнасында жариялады.

Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үздік нәтижесі Абиба Әбужақынованың күміс медалі болды. Елдос Сметов болса жарысқа қатыспай, ұлттық команданы қолдау мақсатында Будапештке арнайы келген болатын.