Түркістандық дзюдошылар Еуропа кубогында ел қоржынына қос медаль салды

Түркістандық дзюдошылар Еуропа кубогында ел қоржынына қос медаль салды
Басқа

Литваның Каунас қаласында 22-26 мамыр аралығында өткен жастар арасындағы дзюдодан Еуропа кубогында Түркістан облысының спортшылары ел намысын абыроймен қорғады.

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз халықаралық деңгейдегі додада жоғары нәтиже көрсетіп, алтын және күміс медаль жеңіп алды.

66 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Абдрахман Қайырхан қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдеге ие болды. Ал 60 келі салмақта белдескен Есенгелді Дармен финалға дейін сенімді өнер көрсетіп, күміс медальды қоржынға салды.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогынан 6 медальмен (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) оралды.