Қазақстандық төреші Еуропа чемпионатында қызмет атқарады

Футбол
kff.kz
Қазақстандық төреші Болат Сәриев 2025 жылдың 12–29 маусымы аралығында Словакияда өтетін жастар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының (U-21) финалдық кезеңіне тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz КФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болат Сәриев төртінші төреші қызметін атқарады, бұл оған халықаралық деңгейде құнды тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.
Қазақстандық төреші қатысатын алғашқы матч 12-нен 13 маусымға қараған түні өтеді: Финляндия мен Нидерланд құрамалары арасындағы ойын Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.