Жанқош Тұраров Елдос Сметовпен бірге қажылықта түскен видеомен бөлісті

Жанқош Тұраров Елдос Сметовпен бірге қажылықта түскен видеомен бөлісті
Дзюдо

Instagram

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық спортшы Жанқош Тұраров өзінің Instagram парақшасының stories бөлімінде дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен бірге қажылықта түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Тұраров видеода Сметовке:

«Алла Елдос бауырымыздың қажылығын қабыл етіп, дзюдодан тағы бір Олимпиада алтынын бұйыртсын» — деп жүрекжарды тілегін жеткізді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Елдос Сметов пен аралас жекпе-жек жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтің қасиетті Меккедегі кездесуінен үзінді тараған болатын.