Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды

Дзюдо
ҰОК
2025 жылғы 13–20 маусым аралығында Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.
Биылғы байрақты бәсекеде 92 елден 566 дзюдошы 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл әлемдік додаға дайындықты пысықтап, жарысқа қатысатын спортшылардың есімін жариялады:
Ерлер құрамасы:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев
73 келі: Есет Қуанов
81 келі: Абылайхан Жұбаназар
90 келі: Мейірлан Максим
100 келі: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
100 кг+: Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер құрамасы:
48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
63 келі: Эсмигүл Куюлова
Чемпионат аясында аралас командалық жарыс та өтеді. Бұл сында да ұлттық құрама ел намысын қорғауға дайын.