Абель Санчес Геннадий Головкинмен қазіргі қарым-қатынасы туралы: 2019 жылдың ақпанынан бері сөйлескен жоқпын

Абель Санчес Геннадий Головкинмен қазіргі қарым-қатынасы туралы: 2019 жылдың ақпанынан бері сөйлескен жоқпын
Бокс

Әлеуметтік желі

Орта салмақтағы экс-чемпион Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес GGG-мен қазіргі қарым-қатынасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Санчес пен Головкин он жылға жуық бірге жұмыс істеді. Алайда 2019 жылы қаржылық келіспеушілікке байланысты олар жұмыс істеуді тоқтатты. Сол кезден бері Головкин Джонатон Бэнкспен жекпе-жектерге шығып жүрген.

— Мен Геннадиймен 2019 жылдың ақпанынан бері сөйлескен жоқпын, — деді Абель Санчес World Boxing News басылымына берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта Санчес өз жаттығу залында басқа қазақстандық боксшыны, бірінші орта салмақта өнер көрсететін Садриддин Ахмедовты жаттықтырып жүр.