Солтүстік Македонияда Қазақстанмен кездесуді "сұмдық" деп атады

Футбол
Getty Images
Х әлеуметтік желісіндегі Football Macedonia аккаунты 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македония құрамасының Қазақстанға қарсы сырт алаңда өткен матчының нәтижесін түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Астана-Аренада» өткен матч македондықтардың ең төменгі есеппен жеңісімен аяқталды — 1:0. Жалғыз голды Александар Трайковски өз есебіне жазды.
«Қазақстан — Солтүстік Македония 0:1
Үш ұпайды алып, Скопьеге ұзақ қайтар рейске отырамыз. Ойын нашар болды, бірақ Трайковскидің ғажайып сәті матчтың тағдырын шешті.
Ең бастысы, біз топты бастап тұрмыз», — деп жазды ресурс.
2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеуіндегі келесі матчты Қазақстан қыркүйекте Уэльс құрамасына қарсы өткізеді.