Джон Джонс Илия Топурияның әлеуетіне баға берді

Джон Джонс Илия Топурияның әлеуетіне баға берді
Бокс
Жекпе-жек

Getty Images

Ауыр салмақтағы UFC чемпионы, 37 жастағы америкалық Джон Джонс жартылай жеңіл салмақтың бұрынғы чемпионы, испания-грузиялық Илия Топурияның жеңіл салмақтағы әлеуетіне баға берді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

«Уақыт көрсетеді. ММА-дағы өз тәжірибемнен бір нәрсені нақты білемін: белбеу жеңіп алу қиын, бірақ UFC чемпионы ретінде өмір сүру және сол деңгейде қалу одан да қиын. Даңқ, баспасөз, ақша, қыздар, ішімдік — бәрі саған екі есе қысыммен келеді, және оны көтере алатындар өте аз. Бар болғаны — осы.

Мен Илияға тек сәттілік тілеймін. Оның керемет отбасы, мықты менеджменті және тамаша командасы бар екенін білемін. Ол бәрін дұрыс жасайды, бірақ көрейік. Айтқанымдай, уақыт көрсетеді, өйткені чемпион болып қалу — өте қиын, бұл ауыр жүк», — деді Джон Джонстың сөзін Red Corner MMA-ның X (бұрынғы Twitter) парақшасы келтіреді.