Санчо "Челсиден" кетеді - футболшы мен клуб жеке келісімшарт бойынша мәмілеге келе алмады

Санчо
Футбол

chelseafc.com

Джейдон Санчо «Челси» клубынан кетіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

The Athletic басылымының хабарлауынша, Лондондық клуб 25 жастағы вингерді «Манчестер Юнайтедтен» толықтай сатып алмайтын болды, өйткені ойыншымен жеке келісімшарт шарттары бойынша келісімге келе алмаған. Бұл ақпаратты инсайдер Фабрицио Романо да растады.

«Челси» клубы «МЮ»-ге міндетті сатып алу шарты орындалмағаны үшін 5 миллион фунт төлейді. Бұл бап іске асқанда трансфер сомасы 25 миллион фунтқа дейін жетуі мүмкін еді.

Қазіргі таңда Санчоның мансабын Англияда немесе Еуропаның басқа елдерінде жалғастыру мүмкіндігі бар. Вингер түпкілікті шешім қабылдау үшін ұсыныстарды мұқият зерделемек.

Өткен маусымда Санчо АПЛ аясында «Челси» сапында 31 матч өткізіп, 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, командамен бірге Конференциялар лигасын жеңіп алды.