Хвича Кварацхелия Transfermarkt нарығында өз бағасын қымбаттатты

Getty Images
Футболшылардың трансферлік құнын бағалауға маманданған Transfermarkt статистикалық порталы Франция чемпионатына қатысты деректерді жаңартты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Жаңартылған тізімде Грузия құрамасы мен «ПСЖ» клубының вингері Хвича Кварацхелия да бар. Париждік клубтың ойыншысының нарықтық құны €10 миллионға өсіп, қазіргі таңда €90 миллионды құрап отыр.
Еске салайық, аяқталған маусымда Кварацхелия «ПСЖ» сапында 25 матч өткізіп, 7 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Бұған қоса, ол «Наполи» сапында Серия А аясында 17 матчқа қатысып, 5 гол мен 3 нәтижелі пас авторы атанды.
Грузиялық вингер Париж клубына осы жылдың қысында қосылып, Луис Энрике жаттықтыратын командаға Франция чемпионатын, ел Кубогын және УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алуға көмектесті.