«Канело» Альварес мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

«Канело» Альварес мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Бокс

Max boxing

Әлемнің ең танымал әрі ең жоғары ақы алатын спортшыларының бірі саналатын Сауль «Канело» Альварес 37 жасында спорттық мансабын аяқтайтынын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Bassport.kz Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Альварес өз сөзінде спорттағы соңғы жылдарын Сауд Арабиясының ұлттық бренді – Riyadh Season мен The Ring жобасының иесі Турки Аль аш-Шейхпен бірлесе өткізгісі келетінін айтты.

Айта кетейік, биыл ақпанда Альварес Riyadh Season брендімен төрт жекпе-жекке келісімшарт жасасқан болатын. Алғашқысы мамырда өтті – онда ол Уильям Скуллды жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын қайта иеленді. Келесі маңызды жекпе-жегі қыркүйек айына жоспарланған, онда ол екі салмақта абсолютті чемпион Теренс Кроуфордпен кездеседі.

Келісім бойынша қалған екі кездесу 2026 жылы өтуі мүмкін. Канело дәстүр бойынша жыл сайын мамыр мен қыркүйек айларында – Мексиканың ең ірі ұлттық мерекелерінің қарсаңында рингке шыққанды жөн көреді.

Канело Альварес шілде айында 37 жасқа толады. Осы күнге дейін ол 67 кәсіби жекпе-жек өткізіп, төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Алғашқы чемпиондық белбеуін 2011 жылы иеленген боксшы бүгінге дейін 26 титулдық жекпе-жекке шыққан.