Созақта «BELES» спорт кешені ашылды

Созақта «BELES» спорт кешені ашылды
Басқа

Созақ ауданының Тасты ауылында бұқаралық спортты дамыту бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды.

Белгілі кәсіпкер Махат Төрәлінің демеушілігімен салынған жаңа «BELES» спорт кешені ауыл тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілді.

Кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов арнайы қатысып, ауыл халқына құттықтау сөз арнады. Ол өз сөзінде ауданда спортты дамыту бағытында қолға алынған бастамаларға тоқталып, бұл нысанның жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, кәсіби спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретінін атап өтті.

«BELES» спорт кешені ішінде бокс және күрес залдарымен қатар, жалпы шынығу жаттығуларына арналған алаңдар да бар. Бұл ауыл жастарының спортқа қызығушылығын арттырып, жаңа чемпиондардың қалыптасуына негіз болмақ.

Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары жаңа кешенге ақ баталарын беріп, демеушіге ризашылықтарын білдірді. Олар «BELES» спорт кешені ауылдың биік белестерге жетуіне сеп болады деген сенімдерін жеткізді.