Созақтық спортшы Акбар Елубай – Азия чемпионы

Басқа
Иордания астанасы Амман қаласында 21–25 мамыр аралығында өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында ел намысын намысын қорғаған Акбар Елубай айқын басымдылығымен көзге түсіп, чемпион атанды.
+94 келі салмақ дәрежесінде белдескен спортшы жарысты сенімді бастады. Алғашқы айналымда жапониялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтса, жартылай финалда Палестина спортшысын жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші сында таиландтық қарсыласымен кездесіп, қылқындыру әдісімен таза жеңіске қол жеткізді.
Осылайша, Акбар Елубай қарсылас шақ келтірмей, ел қоржынына алтын медальді салды. Бұл – тек Созақ ауданы үшін емес, күллі Түркістан облысы мен Қазақстан спорты үшін зор мақтаныш.