Альваро Арбелоа - мадридтік "Реалдың" жаңа бапкері

Альваро Арбелоа - мадридтік
Футбол

"Реал Мадрид" Х - парақшасынан алынды

«Реал», «Ливерпуль» және Испания құрамасының бұрынғы қорғаушысы Альваро Арбелоа Мадрид клубының жастар командасы — «Кастильяның» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, мадридтік "Реалдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

42 жастағы Арбелоа бұл қызметте клубтың бас директорының көмекшісі болып кеткен Раульдің орнын басты.

Арбелоа кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін «Реал» клубының жүйесінде жұмыс істеді, ал соңғы жылдары 19 жасқа дейінгі жастар командасын жаттықтырған.