Ямал әлемнің үздік футболшысын атады

Футбол
“Барселонаның” 17 жастағы жұлдызы Ламин Ямал өзін Лионель Мессимен салыстыруға қатысты пікір білдірді, деп жазады Bassport.kz.
Жас вингер соңғы маусымда негізгі құрамнан орын алып, жарқын ойынымен жанкүйерлер мен сарапшылардың назарын өзіне аударған. Көпшілік оны “жаңа Месси” деп атаса да, Ямал мұндай теңеуге лайық емеспін деп есептейді.
— Мен өзімді Мессимен ешқашан салыстырмас едім… Лео - футбол тарихындағы ең үздік ойыншы, - дейді футболшы Фабрицио Романоға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Ламин Ямал Ла Лигада “Барселона” сапында ең жас дебют жасаған футболшы ретінде тарихқа енген. Қазірдің өзінде клуб пен Испания құрамасында бірнеше рекордтың авторы. Осы маусымда Ла Лигада 33 матч өткізіп, 8 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Соңғы ойында Ямал командасына мерзімінен бұрын чемпион атануға көмектесті.