Жібек Құламбаева Германиядағы ITF W100 турнирінің жеңімпазы атанды

Теннис
ҰОК
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 санатындағы халықаралық турнирде чемпион атанды.
Жұптық сайыстың финалында Құламбаева мен оның серіктесі, латвиялық Дарья Семенистая чехиялық Джесика Малечкова мен Мириам Сконы тартысты матчта жеңіп шықты. Қорытынды есеп — 4:6, 6:3, 11:9.
Бұл Жібек Құламбаева үшін ITF W100 сериясындағы қатарынан екінші жеңіс. Жалпы, оның еншісінде 40 ITF жүлдесі бар.