Клопп "Реалдың" ұсынысынан бас тартқанына өкінеді

Клопп
Футбол

Getty Images

"Ливерпульдің" бұрынғы бапкері Юрген Клопп мадридтік "Реал" басшыларына клубты баптау жайлы ұсынысан бас тартқанына өкінеді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

Marca басылымының хабарлауынша, бірнеше апта бұрын Юрген Клопп «Реалдан» бас бапкер болу жөніндегі ұсыныстан бас тартқан.

Ақпарат көзінің мәліметінше, қазіргі уақытта Клопп бұл шешіміне өкінуде, өйткені ол ұсыныстан асығыс бас тартқанын мойындайды. Енді ол «Реалға» тағайындалу мүмкіндігінен айырылды, себебі мадридтік клуб қазіргі таңда «Байер» командасын жаттықтырып жүрген Хаби Алонсоның кандидатурасымен келісімге келген.

Бұған дейін «корольдік клубтың» қазіргі бас бапкері Карло Анчелотти мамырдың соңғы аптасында клубтан кететінін жариялайтыны жөнінде ақпараттар тараған болатын.