Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

ҰОК
9–11 мамыр күндері Астанада өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 жарысына қатысатын қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды.
Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген беделді турнир елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Үш күнге созылатын додада 48 елден 400-ден астам татами шебері бақ сынайды. Көрермендер үшін кіру тегін.
Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:
Ерлер:
60 кг: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар
66 кг: Ғұсман Кырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов
73 кг: Саят Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Абдурахманов, Есет Қуанов
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай
90 кг: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов
100 кг: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас
+100 кг: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев
Әйелдер:
48 кг: Диана Буркеева
52 кг: Құндыз Жылқыбай, Айшабибі Мұрадимова
57 кг: Дина Муханбет, Дана Әбдірова
63 кг: Асылжан Орынбасарова
70 кг: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова
78 кг: Назерке Тілеуханова, Замзагүл Файзолланова
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі әлемдік рейтинг ұпайларын үлестіретін маңызды дода саналады.