Балауса Муздиманның келесі қарсыласы белгілі болды

instagram.com/muzdi_______
Қазақстандық ең сұлу боксшы қыз атанған Балауса Муздиман келесі жекпе-жегіндегі қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Bassport.kz Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Балауса Муздиман 6 маусым күні «Алматы Аренада» өтетін All Stars Boxing турнирінде жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы — Египет өкілі Айя Рамадан. Айя кәсіби рингте төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен.
Сәуір айының басында Астанада өткен жекпе-жекте Балауса Филиппиндік Мария Тереза Пинилиді сегіз раундтық кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын. Бұл жеңіс Муздиманның кәсіби мансабындағы жетінші жеңісі болып тіркелді.
Осы жеңістен кейін Балауса Муздиман Boxrec.com рейтингінде жеңіл салмақтағы үздік ондықтың қатарына енді.