Жібек Құламбаева Мадридтегі халықаралық турнирде чемпион атанды

Теннис
ҚТФ
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық серіктесі Николь Фосса Уэрго екеуі Испанияның Мадрид қаласында өткен W100 сериялы турнирдің жұптық сайысында топ жарды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Финалда Жібек пен Николь испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсиямен кездесіп, тартысты матч нәтижесінде жеңіске жетті. Бірінші сетте қарсыластар 7:6 (9:7) есебімен басым түскен. Алайда екінші сетте Құламбаева мен Фосса Уэрго 7:6 (7:4) есебімен есепті теңестірді.
Шешуші тай-брейкте қазақстандық-италиялық жұп 10:4 есебімен айқын басымдық танытып, турнир чемпионы атанды.